Кәсіпкерлікке қалай қол жеткізуге болады?

0
64
Дереккөз

Жастарға қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпкерлік саласы жайында кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Кәсіпкерлікке қалай қол жеткізуге болады?» атты семинар өтті.

Дереккөз

Жиынға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының АОФ, облыстық жұмыспен қамту басқармасының өкілдері қатысты. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы жайында ақпарат бере отыра, өз жеке кәсібін қалай ашуға болатынын түсіндірді. Ұйымдастырушылар «Қазір мүмкіндігі шектеулі жастардың  басым көпшілігі жеке кәсіп ашқылары келеді. Алайда, жеткілікті мөлшерде қаражат жоқ. Осы орайда кәсіпті қалай қаражаттандыру керектігі жөнінде пайдалы кеңестер беруге тырыстық» — дейді. Қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тәжірибелері жоқ болғандықтан, арнайы тренинг ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарын айтты. Алдағы уақытта 10 мүмкіндігі шектеулі жан «Бизнес — Кеңесші» жобасы аясында оқытылатын болады. Айта кетейік, мұнда жеке бизнесті ашуға қажетті маркетинг, кәсіпті жүргізудің құқықтық негіздері, қаржы туралы білімдерін шыңдауға мүмкіндік бар.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here