Алматы облысында шағын индустриалды аймақтар дамытылуда

0
129
Дереккөз

Талдықорған қаласында «Талдыкорганэлектросетьстрой» ЖШС базасында Алматы облысындағы алғашқы шағын индустриалды аймақ іске қосылды. Жоба Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы және Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Өткен жылдың соңында тараптар арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылған. Шағын индустриалды аймақтарды дамыту  тоқтап қалған кәсіпорындар негізінде бизнес-инкубатор ашуға негізделген. Жүргізілген мониторинг бойынша облысымызда 13 тоқтап қалған кәсіпорын анықталды.

«Талдыкорганэлектросетьстрой» 1948 жылы Талдықорғандағы «Казэлектромонтаж» механикаландырылған лек тресті негізінде құрылған. Компания құрылыс және монтаждау жұмыстарымен айналысып келген. Кәсіпорын алаңында 12,6 га жер аумағы, жекеменшік әкімшілік ғимараты, металл құрастырылымдар цехы, қоймалар мен көлікжайлар бар. Шағын индустриалды аймақ ашу жобасын іске асыру нәтижесінде кәсіпорын аумағында 10-ға тарта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп жатыр.

«Кәсіпкерлерге жалға алу бағасы бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Жалға алу құны нарықтық бағадан төмен. Кәсіпкерлік нысандарына қажетті инфрақұрылым тартылған. Сонымен бірге, бос жер аумақтарында кәсіпкерлер құрылыспен айналысып, жаңа нысандарды аша алады. Шағын индустриалды аймақтарды ашу мен дамыту шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандырудың тағы бір механизмі болып табылады. Жоба жер ресурстарын тиімді пайдалануға, тоқтап тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға септігін тигізеді», — деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Әсет Шаяхметов.

Бүгінгі таңда индустриалды аймақ аумағында ателье, құрылыс машиналарын жөндеу цехы, металл құрастырылымдар цехы, полиэтиленді өңдеу цехы, шеберхана цехы, пластик терезелерді шығаратын цех, кондитерлік цех, ТЖО жұмыс істеуде.

Дереккөз

«Талдыкорганэлектросетьстрой» ЖШС директоры Қайролла Ибрагимовтың сөзінше шағын индустриалды аймақ ашу жобасы тоқтап тұрған кәсіпорынға жаңа тыныс берді.  «Кәсіпорын жұмысына қатысты қиындықтарды 2014 жылдан бастап сезіне бастадық. Әр түрлі жағдайлар орын алды, компанияны қайта жандандыру бойынша көп ойландық. Кәсіпкерлер палатасының демеуімен біздің кәсіпорын жаңа өмірін бастады. Әрине, жағдайымыз әлі де күрделі болып тұр. Оңалту процедурасын өтуге дайындалып отырмыз, есепшоттарымыз ашылады. Біз қызметімізді қайтадан бастаймыз», — деді Қайролла Ибрагимов. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ақпаратынша алдағы уақытта Талдықорған қаласында «Дархан и К» кәсіпорны негізінде шағын индустриалды аймақты ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Диас Бейсенбек, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here