Төлқұжат латын қарпімен қашан беріледі?

0
204

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын латын қарпі негізінде мемлекеттік тілде беру көзделген. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша,латын әліпбиіне кезеңдеп көшудің жоспары әзірленді. Алғашқы кезең- 2018-2020 жылдары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша  дайындық жұмыстары жүргізіледі. Латын графикасында жаңа қазақ әліпбиін дұрыс жазу қағидалары мен мәтінді аударудың   IT қосымшалары әзірленеді.

Ол екінші кезеңде ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәлігін латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде беру көзделгенін атап өтті. 2021-2023 жылдарға қарай ел азаматтары төлқұжат пен  жеке куәлігін латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде алатын болады. Филолог ғалымдарды тарта отырып, орталықтардың  оқытушылары мен   ересек халықты үйрету үшін семинар, лекция, курстар ұйымдастырылады.

Ал, үшінші кезеңде- 2024-25 жыладыры мемлекеттік  мекемелердің, білім беру ұйымдары, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын латын қарпіне кезең-кезеңмен көшіру жоспарланған. Сондай-ақ, жұмысты үйлестіру негізінде  «Тіл-қазына» орталығы құрылмақ.

 

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here