Елбасы Жолдауы талқыланды

0
184
Дереккөз

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауы өзіндік жаңалық­тарымен, жаңа идеяларымен еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз болатын маңызды құжат болып саналады. Жуырда Елбасы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындау, сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр. Бүгінде Елбасы жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жан-жақты қарқынды жүргізілуде. Жуырда 48386 әскери бөліміне Қарулы Күштерінің ардагері Досыбаев Мұрат Төлегенұлы арнайы келіп бөлім жеке құрамымен кездесу өткізіп, Елбасының халыққа арналған Жолдауын насихаттап берді.Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатымен әлемге әйгілі болған Қазақстанның тағы бір жаңа өрлеу кезеңіне жол бастаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының мән-мағынасына тереңнен тоқталды. Бөлім жеке құрамы Жолдау жайлы өз ойларын білдірді. Жиын соңында Мұрат Төлегенұлы Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыруға әр азамат өз жұмысы арқылы  биік мақсаттарға жетуге белсенді атсалысуға шақырды.

Дәулет ТАКЕНОВ, 48386 әскери бөлімінің әскери тәртіп жөніндегі аға офицері, майор

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here