«Қара майордың» құрметіне волейболдан турнир өтті

0
197
Айдын Нұршановтың фотосы

Бүгін Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуына 29 жыл толуына орай және Ауған соғысының батыры Борис Керімбаевтың 70 жасқа келу құрметіне волейболдан турнир өтті. Мектеп мұғалімдерінің қатысуымен болған жарыста сайдың тасындай іріктелген командалар ақтық сында кездесіп, мықтыларын анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатында Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев пен Алматы облыстық Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Бауыржан Барлыбаев сөз алып, айтулы шараның маңыздылығына тоқталды. Қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрге айналған турнир биыл осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. Мұндағы мақсат – Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, рухына тағзым қылу. Сондай-ақ, майдан кезінде «Қара майор» атымен танылған баталонь командирі Борис Төкенұлының көрсеткен ерліктерін бүгінгі жас ұрпаққа үлгі ету.

Айта кетейік, мұғалімдер арасындағы турнир ақпанның 8-і күні басталған болатын. Бүгінгі финалға жолдама алған командалар жарыс алаңына шығып, өз араларында шеберлік байқасты. Нәтижесінде ұпай санымен өзгелерден озық шыққан №25 мектеп турнирдің бас жүлдесін ұтып алды. Ал, №15 мектептің мұғалімдері екінші орынды қанжығаларына байласа, үздік үштік №4 мектепке бұйырды. Жеңімпаздар кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here