Қос басылым жүзде

0
221
фото Галина Митковских

Биыл Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газетіне 100 жыл. Ғасыр бойы жаңалықтарға жаршы болып келген аймақтағы ата басылымдардың мерейтойлық іс-шаралары кеңінен жоспарланған.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз  мәслихатында «Өлке тынысы» ЖШС директорының орынбасары Шыңғыс Бозымов атап айтты.

Мұнда  жалпы аймақтағы әрбір аудан қалалардағы оқырман қауымымен кездесу, республикалық жазба ақындар мүшәйрасын, облыстық оқушы ақындар айтысын өткізу жоспарда. Сонымен бірге футболдан журналистер арасында республикалық турнир, БАҚ өкілдері арасында басқа да спорттан облыстық сайыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қос газеттің өткені мен бүгіні  жайында деректі филім түсіріліп, арнайы кітап шығару мерейтойлық ауқымды басқосуға жалғасатын болады деді Шығыс Өмірғалиұлы. Осыдан соң «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов, «Жетісу» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым екі басылымның тарихына кеңінен тоқталды. Ұлтымыздың небір дара дарын иелері қызмет еткен «Жетісу» газетінің алғашқы саны 1918 жылдың 21 маусымында «Жетісу ісші халық мұқбірі», «Огни Алатау» газеті «Заря свободы» деген атаумен жарық көрген. Бір ғасырлық сапарында қос басылым ел тарихындағы айтулы оқиғалардың куәсі болған. Атап айтсақ, бастысы өткен ғасырдың бас шеніндегі ашаршылық пен қабаттаса келген саяси қуғын-сүргін нәубеті, Ұлы Отан соғысының басталуы мен жеңісі, қазақ елінің Тәуелсіздігі мен бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктерінің айғағы.

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here