Бәріңді жіберемін Нəсіпжан ғып

0
213
дереккөз

Марқұм Ерік Асқаров айтыс пен жазба ақындықтың тізгінін тең ұстаған азамат. Оның ел аузында Ерік айтыпты деген қаншама отты сөздерімен әзілдері бар. Сол Еріктің алған жары Нәсіпжан Жезқазғанның қызы. Бірде Ерік келіншегін ертіп, қайыншылай барыпты. «Күйеу келді» деп, ақынның қытығына тиген жезқазғандықтар қалжыңдарын батырып жіберсе керек. Мұндайда есе жібере қоятын Ерік пе:

Жезқазған мұның қай басынғандық,

Алып ем бір қызыңды асыл жарғып.

Күйеуді Пайғамбардай сыйламасаң,

Бәріңді жіберемін Нәсіпжан ғып — деген екен.

А.БҰЛҒАҚОВ.

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here