Тарлан тұлға өмірден өтті

0
306
дереккөз

Не деген суық хабар…

Ел басқарған, салиқалы сөз бастаған, Алатаудай асқақ, Қаратаудай қазыналы, Ақсудай арынды абыз Ананың жүрегі соғуын тоқтатты.

Бәтима Есболатқызы үлгілі де өнегелі ұзақ ғұмырында тектілікті тұғыр еткен, жандүниесін жақсының ұғып өткен, ардың ісін қашанда биік қойып, адалдықты өміріне ту еткен, елдің бетке ұстар беделі, желге тосар қорғаны еді. Тура, кесек сөйлейтін өр мінез болмысы бөлек еді.

«Заманның қамын ойлаған», даналықтың белгісі деген ғой. Ол кісі бүкіл саналы ғұмырында елдің бірлігімен ертеңін ойлаған. Тебінгідей тер төгіп, мазасыз күндер мен ұйқысыз түндер кешкен еңбегінің мәртебесіне жетіп, абырой-атаққа кенелген дара тұлға. Ұлан-ғайыр еңбегіне қоса, қайтпас қайсарлықтың, жасампаздықтың, жігер мен өмірге деген құштарлықтың шынайы үлгісі еді.

Өзінің биік адами қасиеті, ақлыл-парасаты арқылы, Бәтима Есболатқызы, елдің аялы алақанына, ыстық ықыласына бөленген қайталанбас тарлан тұлға, бір әлем, бір дәуір.

Халықтың дара-данасың,                                                                                              Сағынар аңсап Алашың.

Жүрегінен сүйікті еліңнің,

Лайықты орын аларсың!

Аяулы Ана, өлді деуге бола ма Сізді? Өлмейтұғын өнеге қалдырған.

Хош, Жаның жаннатта, Топырағың торқа, Иманың жолдас болсын.

Е.Далбагаев, К.Түменбаева, А.Шегіров, А.Ілімжанов, М.Байқанов, М.Байқанова, К.Бекеев, О.Жақиянов, Н.Қылышпаев, К.Өмірбаева, Ж.Жетпісбаев, А.Көлбаев, Ж.Жексенбинов, З.Молдабаева, К.Жазылбекова, Л.Сулейменова, Р.Жәнібекова, К.Қайнарбекова, Б.Рысбекова, С.Меңлібаева.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here