Денсаулық фестивалі

0
320
Айдын Нұршановтың фотосы

Бүгін Талдықорған «Ипадромында» Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы, қалалық спорт бөлімі және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мұрындық болуымен «Денсаулық фестивалі» өтті. Қысқы спорт түрлеріне арналған айтулы додаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысып, өз араларында шеберлік байқасты.

Жарыс алдында облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрғасының орынбасары Серік Нұрқадірұлы сөз алып, арнайы ұйымдастырылып отырған шараның маңызына кеңінен тоқталып өтті. Жастарды спортпен жүйелі түрде айналысуға шақырып, артынша ізгі тілегін ақтарды. Сондай-ақ, өз кезегінде сөз алған қалалық спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев пен Жастар ресурстық орталығының директоры Бахтияр Жақсыкелдинов та қатысушыларға сәттілік айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, шараны өткізудегі басты мақсат — Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында болып жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету және бұқаралық спорт түрлерін дамыта отырып, жастарды салауатты өмір салтын бекем ұстануға шақыру. Жарысқа 100-ге жуық мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты. Қыс көрігін қыздырған бәсеке тартысты өрбіді. Сайыста негізінен жастар биатлон спортынан сынға түсіп, мықтыларын анықтады. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткендер жарыс жеңімпазы атанып, диплом, медаль және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, биатлоннан бөлек арқан тартыс, қол күрес және көңілді сөре ойынынан жарыстар өтіп, сайыс көркін қыздыра түсті.

 

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here