Жемқорлықпен күресу баршаға міндет

0
243
Дереккөз

Елбасының озық реформаларының негізінде банк жүйесі, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі  қалыптасып, әрі қарай дамып келеді. Бұлардың қатарында маңызды жүйелердің бірі мемлекеттік қызмет ерекше орын алады. Өйткені, халықты «жәрдем күту» санасынан, ал шенеуніктерді «бюрократиялық санадан» айықтырудың бір жолы мемлекеттік қызмет жүйесін түбегейлі өзгертуде жатыр.

Қабілетті қызметшілердің мансаптық жоғарылауына жағдай жасап, қатаң талап қоя отырып үнемі көтермелеу арқылы кәсіби мемлекеттік қызметші тәрбиелеу мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басты стратегияларының бірі. Өз міндеттеріне салғырт қарап, азаматтар мен жұмысты жаңа жолға қоя алмаған, ескі әкімшілдік санадан айырылмаған шенеуніктерге тиісті шара қолдану тәртіптік кеңестердің еншісіне берілген. Тәртіптік кеңестер облыс әкімінен басқа барлық саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін бұзу, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тәртіптік  істеріне қарай алады. Демек, мемлекеттік органдарда тәртіптің сақталуын бақылау, оның бұзылуына жол берген шенеуніктердің ісін қарау тәртіптік кеңестердің мемлекеттік институт ретінде маңызын арттырмақ.

Құралай ДАРХАНОВА, Талдықорған қалалық сотының судьясы.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here