«Мақтанышым – Астанам» атты қалалық ән байқауы өтті

0
173
Фото авторы А.Нұршанов

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында қала әкімінің жүлдесіне арналған “Мақтанышым – Астанам” атты жас таланттар арасындағы ән байқауы өтті.

15-25 жас аралығындағы әншілерді  қамтыған аталмыш байқау Елордамыздың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде 30 өнерпаз  бақ сынап, шеберліктерімен көзге түскен тек 13 үздік орындаушы  финалға  жолдама алды.

Фото авторы А.Нұршанов

Жас дарын иелеріне мәдениет саласында еңбек етіп жүрген Т.Ғұмаров, Д.Оқапов, Э.Мұқышева сынды майталман мамандар қазылық етті. Әділқазы алқалары “Әрбір қатысушының  шығарманы кәсіби деңгейде орындау шеберліктерін ескере отырып, сахна мәдениетін қаншалықты деңгейде  меңгергендіктеріне,  ән таңдау талғамдарына баса назар аударылды. Осы тәрізді өнер додаларының жиі өтуі жастарға мол тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Себебі, сайыс барысында олар  тек қана жанды дауыста ән салады”-деп атап өтті. Байқау қорытындысына сәйкес бас жүлде  Ерасыл Інібекке бұйырды.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here