Қапшағай қаласы қарқынды дамуда

0
408
Фото авторы Д.Сағындық

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбековпен баспасөз мәслихаты өтті.

Дереккөз

Талғат Қайнарбековтың айтуынша  Қапшағай қаласы және оған қарасты елдімекендер өнеркәсіп пен ауылшаруашылық салалары, шағын және орта бизнес, қаланың тұрғын үй-коммуналдық жүйесі және әлеуметтік сала сынды 4 бағыт бойынша дамуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі 55 млрд. теңге көлеміне жеткен. Жалпы, бұл аймақта 42 өндіріс кәсіпорны жұмыс істейді. Биылғы жылы бірнеше электр стансасын салу жоспарлануда. Атап айтар болсақ, «Надежные высокие технологии» ЖШС күн электр стансасын, «ГЭС-Энерго Алматы» ЖШС Іле өзенінің бойынан  су электр стансасының құрылысын бастамақ. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар  «Сарыбұлақ ЖЭС» ЖШС 11 жел электр стансасын тұрғызуды жоспарлауда. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында шаhар басшысы  400 орынға арналған мәдениет үйі мен спорт сарайы бой көтеретіндігін мәлімдеді.

Қапшағай қаласындағы шаруалар  2017 жылы 573 гектарға тәтті түбір егіп,  қант қызылшасы шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Алайда, олар өнімдерін өткізу үшін 200 шақырымнан астам жол жүруге мәжбүр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  Қапшағай маңынан қант зауытын салу жөнінде тапсырма берген. “Қазіргі таңда  осыған сәйкес бірқатар  жұмыстар атқарылуда. Болашақта  шағын қант зауытын салуды жоспарлап отырмыз”-дейді Талғат Қанатұлы. Айта кетейік, облысымызда тәтті түбір қабылдайтын екі зауыт бар.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here