«Рухани жаңғыру» аясында өтетін шаралар қатаң бақылауда болады

0
599

Бұдан былай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткізілетін іс-шаралар қатаң бақылауға алынады. Әйтпесе, жергілікті әкімдіктегілер бір шараны бірнеше рет тіркеп, әр түрлі есеп беруді әдетке айналдырып барады. Оның үстіне, тақырыпқа қатысы жоқ шаралар да «Рухани жаңғыру» аясында өтіп жатыр.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мәлімдеді. Селекторлық режимде өткен басқосуға облыс және қала әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат, дін істері, білім, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, жастар саясаты мәселелері басқармасы, өңірлік жобалық офис пен БАҚ басшылары қатысты.

«Өкінішке орай, көп жұмыс желілік кестеге buy viagra cheapest сәйкес келмейді. Бей-берекет істер көбейген. Қазір бәрі «Рухани жаңғыру» аясында өтетін болған. Астана қаласының 20 жылдығы да, Жолдау да, спартакиада да, нысанның ашылуы да Рухани жаңғыру арқылы іске асып жүр. Бұл не сұмдық? Біз кімді алдап жүрміз? Тіпті, Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кірген күніне орай өткізілген іс-шара да Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылыпты» деп кейіді Президент әкімшілігінің қызметкері. Ол атап өткендей, бұдан былай аталған бағдарлама аясындағы шаралар нақты қадағалауға алынып, атқарылған жұмыс қорытындылары өңірлік жобалық офис арқылы орталық жобалық офиске жолданады. Ал, алдағы уақытта кез келген Рухани жаңғыруға қатысты шаралар орталық офистің қарауынан кейін ғана өткізіледі.

 TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! iPhone үшін

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here