Қылмыс 6,8 пайызға азайған

0
232
фото Дмитрий Ерофеев

Тыныштықты сақтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жалпы құқық қорғау қызметкерлерінің басты міндеті. Осыған байланысты, бүгінде Алматы облысындағы ішкі істер саласына бар мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтсақ, өткен жылы аймақта тұрғын үймен біріктірілген 66 учаскелік полиция пункті  қолданысқа берілсе, биыл дәл осындай 111 нысан бой көтермек. Сонымен қатар, былтыр жұмыс сапасын жақсартуға 11.9 млрд теңге қаражат бөлінсе, оның 3 млрд теңгеден астамы материелдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған.

фото Дмитрий Ерофеев

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовтың төрағалығымен өткен  кеңейтілген кеңесте айтылды. Басқосуда баяндама жасаған полиция генерал-майоры М.Ұрұмханов ІІД-нің 2017 жылғы жедел-қызметтік жұмысын қорытындылап, алдағы міндеттерін атап көрсетті. Сондай-ақ, Мұрат Жалелұлы: «Бүгінде облыстағы қоғамдық тәртіптің ахуалы үнемі бақылауда! Ішкі істер саласының материалдық-техникалық базасы анағұрлым жақсарды. Облыстағы әрбір аудан, қалаларына дейін бақылау камералары орнатылуда. Мәселен, аймақтың 10 ауданы мен қалаларының әкімшілік орталықтарында 766, Талдықорған қаласы 669 сыртқы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталды.Олардың барлығы облыстық ІІД-нің жедел базасына жалғанған. Ал, Жаркент, Қапшағай, Қаскелен, Текелі қалаларында қосымша 550 бақылау камерасын орнатуға қажетті құжаттар әзірленуде. Талдықорған қаласында жаңадан кинологиялық қызмет орталығы ашылды. Облыс басшылығы тарапынан Ішкі істер қызметкерлерінің жұмысын алаңсыз атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы халыққа мінсіз қызмет етуі үшін жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде өткен жылы жалпы қылмыс саны 6.8 пайызға төмендеді. Дегенмен бірқатар аудандарда әлі де кемшіліктер бар. Алдағы уақытта оны жойып, қылмыспен күрес күшейтілетін болады»  — деді.

Фото Дмитрий Ерефеев

Жиынды қорытындылаған Лаззат Махатұлы мұндай қолдаулар бұдан былай да көрсетіле беретінін жеткізіп, әрбір полиция маманы өз міндетін абыроймен атқаруға кеңес берді.  Осыдан соң, облыс әкімі Амандық Баталовқа ҚР ішкі істер министрлігінің Құрмет громатасы табыс етілді. Сонымен бірге жыл қорытындысы бойынша аудандық үздік учаскелік полиция, үздік тергеуші және басқа да қатардағы полиция қызметкерлері марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here