Доллар 315 теңгеге дейін түсуі мүмкін

0
80
Дереккөз

Жыл аяғына дейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы 310-315 теңгеге дейін нығаюы мүмкін дейді экономист сарапшылар.

Мамандар бұған Елбасымыздың АҚШ-қа жасаған сапарының әсері бар екендігін алдыға тартып отыр. Сондай-ақ, баррелі үшін 70 долларға жақындаған мұнай бағасының да ықпалы бар. Одан бөлек, сарапшылар көрші отырған Ресей рублінің долларға шаққандағы бағамы күшейіп бара жатқандығын айтады. «Егер осындай бізге қолайлы өсулер бола берсе, теңгеміз бұдан да күшеюі ықтимал. Мүмкін, 310-ға дейін де түсетін шығар», — дейді экономист Сапарбай Жобаев.

Ал, ресейлік сарапшылардың болжамынша жыл соңына дейін теңге бағамы 315-318 теңгеге дейін нығаюы мүмкін.

Айта кетейік, Ұлттық банк теңгенің ресми бағамын 324, 65 деп берсе, валюта айырбастау орталықтары бір долларды 322 теңгеден сатып алып, 323 теңгеге саудалап жатыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here