Чикагоға барасыз ба?

0
307

Заманына қарай адамы да өзгеріп, өзін-өзі асырауға, өзін-өзі жұмыспен қамтуға көшкен уақыт. Әрине, ондай азаматтарға мемлекет те қолдау танытады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы «Даму» қорының қолдауымен қаржылай көмекке ие болғандардың бірі-талдықорғандық Роман Доргатов.

 

дереккөз

Ол кәсібін жандандыру үшін «Ценкредитбанк» арқылы 6 пайыздық мөлшерлемемен берілетін несиеге қол жеткізді. Мақсаты-кәсібін дөңгелету. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген Роман алғашқы жұмысын Астана қаласында үш автокөлік жуу орынын жалға алумен бастаған болатын. Оған «СНІСАGО» деген ерекше атау берді. Елордадан қомақты қаржы жинақтаған азамат өз туған жеріне келіп, кәсіпкерлігін өрістетуді қолға алды. Бүгінде «СНІСАGО» деген атпен танымал автокөлік жуу орындарына қосымша дәмхана ашылып, авткөліктерге қажетті бірқатар қызмет түрлері іске қосылды. Үлкен кешенге айналды. «Даму» қоры кеңесшілеріне үлкен алғысын білдірген кәсіпкер Мемлекеттен алған қосымша қолдау қаржыға автокөлік жуу нысанының екінші қабатынан мейрамхана салуды бастадық,- дейді.

дереккөз

Жалпы, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша қаржыландыруда салалық шектеулер жоқ, 18 миллион теңгеге дейін, мерзімі 7 жылға дейін несие алуға болады. Ол үшін «Даму» қорына барып, тиісінше кеңестер алып, жобалық сүйемелдеу қызметтерін тегін пайдалана аласыз. Анықтама телефондары:8 (7282) 55-87-10.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here