Жетісудағы мерейтойлық тізбелер

0
443

   Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері барын бағамдап,  жоғын түгендеп, ұмыт қалғандарын қайта жаңғыртқан  халқымыз тағы бір жылға қарқынды қадам басты. 2018 жылдың  қаңтар айын  БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етумен бастаған Қазақстан халқына  Елбасы Н. Назарбаев осы халықаралық орган аясында әлемнің барлық мемлекеттерімен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтып, Еуропалық одақ пен Азияның көптеген елдеріне визасыз режим енгізілетінін  атап айқан болатын.

 Міне, бұл еліміздің жаңа ит жылында жаһандық бағыттағы атқарар ауқымды істерінің бірі де бірегейі  екені анық. Сонымен бірге  Елордасы Астананың  20 жылдық мерейлі мерекесі жалпы ел көлемінде айырықша аталып өтілмек. Нақтырақ айтсақ, 1997 жылы 30 қазанда мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмола қазақ елінің Астанасы болып белгіленіп, тұңғыш рет Арқа жұрты орталық алаңда мерейлі сәттің куәсі болған. 1998 жылы маусым айының 10 күні әлем картасына енген қазақ Астанасының халықаралық тұсауы кесілген. Осыған байланысты, бүгінгі таңда еліміздің әр аймағында  алда болатын Астана тойына  жан-жақты дайындық пен  игі іс-шаралар ұйымдастырылу үстінде. Соның ішінде батырлар мен ақындар елі аталған Жетісуда бұдан өзге де  көптеген мәдени шаралар кеңінен қамтылмақ. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаровтың берген мәліметіне сүйенсек, «Рухани жаңғыру»  аясында аймақта өткен жылы бірқатар жұмыстар жасалып, жоғары  бағаланған. Ал, биыл күн тәртібіндегі жаңа жоба-жоспарлар бойыншы мұндай игі істер өз жалғасын таба беретін болады. Мұнда Астананың 20 жылдық мерейлі мерекесі мен қатар Орбұлақ шайқасының 375 жылдығы тұспа-тұс келуде. Тарихи дерек көзіне жүгінсек, бұл қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Аталған шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолбасшысы Қоңтайшы арасында өткен. Сонымен қатар, енді аймақтағы мерей тойы аталып өтілетін айтулы тұлғалармен аудандарға кеңінен тоқтала кететін болсақ,

  • Әйгілі, Ақын Сараның –140; ( Бірақ, нақты деректерде ақын Сараның туғанына биыл 165 жыл толғаны  дәлелденген.)
  • Қазақ КСР-ның халық әртісі Бикен Римова – 95;
  • Ұлы Отан соғысының ардагері, қарымды қаламгер, Кемел Тоқаевтың –95;
  • Ақын Нұрсапа Аманжоловтың – 85;
  • Белгілі композитор, Қазақстаның халық әртісі Әсет Бейсеуовке 80
  • Ақын Сәкен Иманасовтың –80;
  • Ақын Есенқұл Жақыпбековтің –65;
  • Исламғали Үркінбаевтың – 65 жылдығы кеңінен тойланбақ.Сондай-ақ, үнемі өңірдің тыныс тіршілігін жария етіп келген бағалы да бай мазмұнды басылым «Жетісу» мен «Огни Алатау» газетінің ғасыр тойы, Қаратал, Балқаш, Алакөл, Райымбек аудандарының – 90 жылдығын атап өту жоспарда.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here