Алматы облысында жалпы қылмыс саны азайды — М.Күштібаев

0
269
дереккөз

Алматы облысының әкімдігінде өңірдің қала және аудан тұрғындарының қатысуымен онлайн режимде облыстық Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Марат Күштібаевтың  есептік кездесуі өтті.

дереккөз

Өзінің баяндамасында полиция полковнигі М.Күштібаев жалпы қылмыс санының азайғанын, олардың арасында тонаушылық — 12%, ұрлық — 24,8% және бұзақылық — 29% құрап отырғанын айтты. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша олардың саны — 3,5% -ға, оның ішінде көшелерде -10,9% -ға төмендегенін атап өтті.Полиция қызметкерлерінің мәлімдемесі бойынша құқыққорғаушылар авто жолдардағы тәртіпке басты назары аударуда. Мәселен, жол-патрульдік полиция қызметкерлері «Крис-П» қозғалмалы фоторадарлы кешенді қолдануда. Олардың көмегімен осы жылдың 11 айында жылдамдық режимін сақтамау фактілеріне байланысты 83123 жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы анықталды.Өңірде апаттылық жағдайды ескере отырып, «Қауіпсіз қала», «Мас жүргізуші» және т.б. бірнеше жедел-алдын алу шаралары өткізілді.

дереккөз

«Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 4% -ға төмендеді, жолдарда өлген адамдардың саны 20,9%-ға қысқарды», — деп түсіндірді Марат Күштібаев.Бейне байланыс арқылы облыстың барлық аудандары мен қалаларының тұрғындары әңгімеге қатыса алды.

Қатысушылардың көпшілігі Алматы облысының Жергілікті полициясына бағытталған барлық сұрақтарына жауап алды. Тұрғындар мал ұрлау, азаматтардың жеке меншігін ұрлау, қоғамдық полиция көмекшілерінің қатарына және ішкі істер органдарына кіру, сондай-ақ, т.б. мәселелерді көтерді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here