Тәуелсіздік – баға жетпес байлық

0
184

Адам баласының өмірдегі ең ұлы мерекесі Тәуелсіздік мейрамы. Өйткені халықтың жанымен, тәнімен, ойымен армандап жеткен  үлкен жетістік елдің дербестігі. Сол дербестік болған  кезде ғана әрбір адам өзін Тәуелсіз елдің Тәуелсіз азаматымын деп санайды. Ал, тәуелсіз жанның бойындағы көптеген адами қасиеттері оянады. Осы арқылы өнер мен білім,  спорт пен мәдениет басқа да қоғамның сан саласы жан-жақты дамиды. Соның бір дәлелі еліміз Тәуелсіздік  алғаннан бері халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, ел экономикасы еселеп өсті. Тәубе дейік. Тәуелсіздік біз үшін баға жетпес байлық. Оны бағалай білу парыз. Бүгінде Тәуелсіз қазақ елінің әлем мемлекеттерімен терезесі тең. Мен жалпы халықты ұлтымыздың төл мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, жеріміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Ұрпақтан ұрпаққа дейін бейбіт заман болсын!

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің  басшысы,  Серікбай Нұрғисаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here