Жетісулық дәрігерлерге 51 автокөлік берілді

0
287
Айдын Нұршанов фотосы

 Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысының денсаулық сақтау саласына 51 жедел жәрдем көлігі табыс етілді. Көлік кілттерін үлестірген аймақ басшысы Амандық Баталов облыс тұрғындарын төл мерекемен құттықтады.

Салтанатты шарада сөз алған Амандық Ғаббасұлы: «Елбасы Н. Ә. Назарбаев әр Жолдауында халықтың денсаулығын нығайту басты міндет деп атап көрсетуде. Осыған байланысты, аймағымыздағы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көлемі жыл санап артып келеді. Өңірде көптеген жаңа нысандар тұрғызылып, заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталды. Соның нәтижесінде аса күрделі операциялар білікті дәрігерлердің қолымен  облыста жасай бастады. Сондай-ақ, соңғы жылдары 50-ден астам дәрігер Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Латвия, Польша, Израиль, Түркия сынды шет елдерде білімін шыңдады. Осы уақыт ішінде  жергілікті емдеу мекемелеріне 218 санитарлық көлік құралдары сатып алынса, міне, бүгін 640 млн. теңгеге тағы 50-ден астам автокөлік  әкелінді. Сонымен қатар облысымызға 360-тан аса жас маман жұмысқа келді. Оларға барлық әлеуметтік жағдай жасалуда. Мамандарды тұрақтандандыру мақсатында, алғаш рет Талдықорған қаласында медицина қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлік үй салынып, қолданысқа берілді. Осындай атқарылған шаралардың бәрі сіздердің жемісті еңбек етіп, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді» — деп сенемін деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here