Мемлекет қолдауы кәсіпкерлікке жол ашады

0
392
дереккөз

Талдықорғандық жеке кәсіпкер Данияр Тоқтарбаев 2007 жылы пластикалық терезелер өндіретін цехта қарапайым көмекші болып жұмыс істей бастады. 2008 жылы кәсіпкерлікке деген құлшыныс танытып, Данияр цехтын жетекші шебері болды. Осы кезден бастап кәсіпкер осы қызметті өз бетінше жасауға болатынын түсінді. Шағын соманы жинағаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз үйінде пластикалық терезе өндірісін іске қосты. Бүгінгі танда Данияр терезе өндірісі саласында тұрақты клиенттері бар кәсіпкер. Еңбектің көлемі өскендіктен жеке кәсіпкер ЖШС құрып, мемлекеттік тапсырыспен де жұмыс істей бастады.

«Менің жұмысым үшін шикізатты дер кезінде алу маңызды. Мемлекет қолдауының арқасында сапалы шикізат алып, кез келген тапсырысты орындауға дайынмын. Осындай мүмкіндік беріп отырған Даму қорына алғысым шексіз» дейді кәсіпкер.

Ол қор арқылы 4 млн теңгеден астам несие алған. жылдық үстемесі 6 пайыз ғана.

Жалпы, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламада салалық шектеулер жоқ. Несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңге, мерзімі-7 жылға дейін. «Даму» қорында егжей-тегжейлі кеңестер беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here