Дизентериядан сақтаныңыздар

0
253
дереккөз

Талдықорған қаласы бойынша дизентерия жұқпасымен 2017 жылдың 10 айында 5 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі — 2, ересектер-3 жағдай тіркелген, 2016 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 4 жағдайға төмендеп отыр ( 14 жасқа дейінгі — 6,ересек — 3 жағдай).

Дизентерия – бактериалды инфекция, топтық немесе эпидемиялық бұрқ ету түрінде кездеседі. Жұқпалы ішек ауруларының ішінде дизентерия ауру деңгейі жағынан бірінші орында және балалар үшін өте қауіпті.

Инфекция көзі – жедел немесе ұзақ ауырған адамдар, аурудан жазылғандар немесе бактерия тасымалдаушылар. Қоздырғыш адам ағзасынан нәжіс арқылы бөлініп қоршаған ортаға түседі (топырақ, тұрмыстық заттар т.б)

дереккөз

Инфекцияның берілу факторлары – лас  қол, тағам өнімдері, ластанған  су. Су негізінен топырақ арқылы ластанады, яғни инфицирленген нәжістің түсуі кезінде. Ал тағам өнімдері лас қол, шыбын арқылы ластанады. Инфекцияны тарату көзі ретінде шыбындардың алатын орны үлкен.

Аурудың ең бірінші белгісі – бірнеше рет іштің өтуі, дене қызуының  38-39°С  градус шамасына дейін көтеріліп, науқаста әлсіздік пайда болып, асқа тәбеті төмендейді, одан кейін  іші ауыра бастайды. Аурудың ішінің өтуі 3-5 рет, кей жағдайда 8-10 ретке дейін болады. Науқас 2-3 күн емделмесе, үлкен дәреті ірің және қан аралас болады.

Дизентерия жұқпасының алдын алу.

Аурудың алдын алу үшін, келесі сақтық іс шараларды сақтауымыз тиіс:

1) жеке бас гигиенасын сақтау, даладан келген уақытта, дәретханаға барғаннан соң, тамақ ішер алдында қолды жуу;

2) азық-түлікті , тез бұзылатын тағамдарды сатып алар кезде оның сақтау мерзіміне және сақтау шарттарына аса назар аудару;

3) сақтау мерзімі өткен немесе тоңазытқышта сақталмаған тағамдарды қолданбау;

4) көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият суға жуып және қайнаған сумен шаю;

5)Жабайы сауда орындарынан азық – түлік өнімдерін сатып алмау.

Осы ережелерді сақтай отырып дизентерия жұқпасының алдын аламыз! «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздер әрқашан да өз маңызын жоғалтпаған.

«Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы «Тазалық» БПҰ мүшесі Е.Асимкулов.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here