Сальмонеллез жайлы біз не білеміз?

0
292
дереккөз

Талдықорған қаласы бойынша сальмонеллез жұқпасымен 2017 жылдың 10 айында 5 жағдай, оның ішінде  жасөспірім-1, ересектер-4 жағдай тіркелген, 2016 жылмен салыстырғанда  1 жағдайға жоғарылап  отыр.(2016ж-4 жағдай).

Сальмонеллез- «Salmonella» туыстастығына жататын,  жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы, көп жағдайларда азық-түлік арқылы беріліп, асқазан — ішек жолдарының зақымдануы арқылы сипатталады.

Жұқпа көзі — үй жануарлары, құстар, науқас адам және бактерия тасымалдаушы.  Жұқтырудың негізгі жолы – алиментарлы, құрамында көп мөлшерде сальмонелла қоздырғышы бар тағам қабылдаумен болады.

Инкубациялық кезең 2-6 сағаттан бастап, 2-3 күнге дейін созылады.Тұрмыстық  тарау кезінде олар 4-7 тәулікке дейін артады. Микробтың ағзаға түскеннен кейін шамамен бір тәуліктен соң іштің ауруы сезіліп, жүрек айну, лоқсу, іштің өтуі басталады. Дене қызуы 37,5°-38°С, ал кейде 39°-40°С  градусқа дейін артады. Жұқпа ауыр интоксикацияны тудырады.

Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Ауру қоршаған ортада тіршілікке қабілетті бактериялармен қоздырылады. Ашық су қоймаларында және ауыз суда олар 11 күннен 120 күнге дейін, ет және шұжық өнімдерінде 60-130 күнге дейін, мұздатылған етте 13 айға дейін, тоңазытқышта сақталатын сәтте 20 күнге дейін, сары майда 120 күнге дейін, жұмыртқа мен ірімшікте 13 айға дейін сақталады.  Шикі сүтте, тартылған етте, жұмыртқада сальмонеллез қоздырғыштары сақталып ары қарай көбейеді. Олар төмен температураға төзімді.

                Сальмонеллезден қалай сақтануға болады ?

  • Ветеринарлық бақылаудан өтпеген етті пайдаланбауды қағида ретінде ұстану қажет. Етті және құстың етін әбден пісіріп немесе қуыру тиіс.
  • Пастерленбеген сүтті қайнаған күйде ғана тұтыну керек.
  • Жұмыртқаны пайдаланар және дайындар алдында жуу керек, өйткені сальмонеллалар жұмыртқаның құрамына еніп, нашар піскен жұмыртқаның сары уызы мен ақ уызында сақталады. Кез-келген тағамды дайындау кезінде әсіресе қолды мұқият жуу керек, өйткені жұмыртқаның қабығынан сальмонеллалар қолға түсіп, одан тағамға түседі.
  • Шикі ет пен піскен ет үшін жеке турайтын тақтайлары болуы керек.
  • Тоңазытқышта шикі еттің, құстың еті дайын тағаммен тікелей жақын сақталмауын қадағалаңыз.
  • Құйма тағам, салат, крем, желе екінші рет пісіруге немесе қуыруға жатпайтын тағамдарды тоңазытқышта ғана сақтаңыз.
  • Ішуге немесе ыдыс-аяқты жууға, көкөніс пен жемісті жууға сапалы ауыз суды немесе қайнаған суды ғана пайдалану.

Кейбір жағдайда бұл ауру ешбір белгісіз өтеді, сырт келбеті бойынша олар сау болып көрінеді, бұл жұғу қаупін жоғарылатады. Көгершіндер жиі жағдайда сальмонел тасымалдаушылары болып есептеледі. Терезенің алдын, гүлзарларды, балаларға арналған құмсалғыштарды жұқтырылған қимен ластай отырып, олар жұқпа көзіне айналады. Қатынасу жолы арқылы жиі балалар жұқтырады.

Егер бала немесе үйдегі үлкендердің бірі ауырса, дереу дәрігерді шақыртыңыз. Сальмонеллез қауіпсіз ауру емес. Сальмонеллалар ұзақ уақыт бойы толық емделмеген сырқаттың ағзасында сақталуы мүмкін. Өт қабында көбейіп, олар холецистит, холангит тудырады. Бұдан басқа, сальмонеллалар ішекте ұзақ өмір сүріп, микробтардың тасымалдаушысына  айналады.Сондықтан ең бірінші қағидамыз жеке бас гигиенасын сақтауды ұмытпайық.

«Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы «Тазалық» БПҰ мүшесі Е.Асимкулов.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here