«Қайнар АКБ» ЖШС 2-миллионыншы аккумуляторын шығарды

0
360
ғаламтор

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Талдықорғандағы қуаттағыш батареялар шығаратын зауыт 2 млн-шы аккумуляторын шығарды. Кәсіпорын рекордтық өнімін Тұңғыш Президент күніне арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зауыттың басқару кеңесінің төрағасы Қуаныш Әжмағанбетовтың айтуынша, кәсіпорынның әрбір жетістігі елдегі береке бірліктің, Елбасының сарабдал саясатының жемісі. «Қазақстандағы барлық қорғасынды ауыстырамыз деген жоспар қойдық. Оның бәрі Президенттің қолдауыменен, Президенттің бізге айтқан жоспарымен жұмыс істеліп жатқан саясат», — дейді Әжмағанбетов.

Айта кету керек, Үдемелі индустриялық инновациялық бағдарламаның алғашқы кезеңінде жұмыс қарқынын үдеткен зауыттың өнімінің 70 пайызы экспортталуда. Қазіргі таңда ТМД елдерінен бөлек қазақстандық аккумуляторлар Қытай, Еуропа нарығына «Ұлы дала елі» брендімен шыға бастады. Жыл сайын өнім көлемін еселеп отырған зауыт келер жылы 3 млн дана аккумулятор шығаруды жоспарлауда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here