АРДАГЕРЛЕР ҰЛАҒАТЫ

0
564

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында Талдықорған қалалық  ардагерлер кеңесінің мүшелері жастармен кездесті. Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжіне жиналған ардагерлер  Президенттің тарихи Жолдауының маңызын түсіндірді. Еліміз  Тәуелсіздігінің  ширек ғасырдағы қол жеткізген табысы мен жетістіктерін саралады. «Заман талабына жауап беретін Жолдау» деп аталатын шараны ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айтмұханбет Ерасылов жүргізді. 

Жамал НҰРЛЫБАЕВА №7 орта мектептің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты:

— Елбасымыз Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы үшін үшінші жаңғырудың жаңа 5 бағытына басымдық берді. Әсіресе, мұғалімнің білімін жетілдіру, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға екпін берілді. Сонымен қатар,   2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндердің ағылшын тілінде оқытылатындығын айтып, бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет екенін айтқан болатын. Жыл сайынғы Жолдауды қазақстандықтар үлкен үмітпен күтеді.

Зәуре ЖАҚАТАЕВА, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

— Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ»- деп Елбасы атап көрсетті. Ендігі жерде ортақ игіліктерге жұмыла жұмыс жасай беруіміз керек.

Таңатар АЛШАБЕКОВ, зерттеуші ғалым:

— Халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуымыз керек. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.

Талдықорған қаласындағы  өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінде  620 студент білім алуда. Оқу орнының жетістіктері жайлы білімгер Динара Шаймұратова айтып берді. Жолдау барысын талқылаған жиында аталмыш оқу орнының  директоры  Т. Долаев  қонақтарға  алғысын айтты.

Дана МӘКЕН.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here